RU
Әйгілі Роналду басты қарсыласы Мессимен түскі ас ішкісі келетінін айтты

Әйгілі Роналду басты қарсыласы Мессимен түскі ас ішкісі келетінін айтты

Рассказать Вконтакте

"Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду "Барселона" ойыншысы Лионель Мессимен қарым-қатынасы қандай екенін айтты деп жазады sportbox.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: portall.ge

Фото: portall.ge

Роналду туриндік клубқа ауыспас бұрын, "Реалда" өнер көрсеткен. Месси екеуі дәл сол Испания чемпионатында бәсекелес болған.

"Мен шынымен оның мансабына тәнтімін. Месси мен кеткен кезде проблемаларға тап болғанын айтыпты. Себебі, ол біздің бәсекелестігімізді аса құрметтейді. Біздің өзара жарысуымыз футбол үшін өте керемет тарих.
Месси менің арқамда, мен оның арқасында дамимын. Біздің кәсіби тұрғыдағы қарым-қатынасымыз өте жақсы. Себебі, екеуміз де бірдей сәттерді 15 жыл бойы басымыздан өткеріп келеміз. Мен онымен ешқашан түстеніп көрмеппін. Неге бұл идеяны болашақта іске асырмасқа?" , - деді Роналду TVI арнасының эфирінде.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel