RU
Ресейлік депутат көзіне шөп салғанын мойындаған әйелін атып тастады
Жаңалықтар Калейдоскоп

Ресейлік депутат көзіне шөп салғанын мойындаған әйелін атып тастады

Рассказать Вконтакте

Челябинск облысында құқық қорғау қызметкерлері Локомотив қалалық округының депутаты және жергілікті аурухананың бас дәрігері Азат Зариповты ұстады. Ол жас әйелін өлтірді деген күдікке ілінген деп хабарлайды Ren.tv-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Телеарнаның мәлімтетінше, күдікті өз кәнісін мойынына алған.

Алдын-ала болжам бойынша, депутат балық аулап кешке үйіне оралған уақытта шашылған жаймалар мен жуылмаған ыдысты байқаған.

Жұбайы мен ер адамның арасында жанжал шығып, ұрыс кезінде әйелі оның көзіне шөп салғанын айтқан.

Мұны естіп, ашуға булыққан депутат аңшы мылтығын алып, екі рет жұбайын атқан, сосын жедел жәрдем мен полиция қызметкерлерін шақырған.

Кей деректер әйел адамның ауруханада таңға жуық қайтыс болғанын көрсеткен.

Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жалғасуда.

Жергілікті БАҚ беттерінде қайтыс болған әйел адам Зариповтың екінші некесі екендігі айтылды.

Оның жұбайы бұрын ауруханада медбике болып қызмет атқарған.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel