RU
"Болашағымыз үшін күресудеміз": Гонконгта жүздеген оқушы наразылық акциясына шықты
Жаңалықтар Калейдоскоп

"Болашағымыз үшін күресудеміз": Гонконгта жүздеген оқушы наразылық акциясына шықты

Рассказать Вконтакте

Орта мектептердің жүздеген оқушысы Гонконг орталығында үкіметке қарсы наразылық акциясына шықты деп хабарлайды ТАСС-қа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

"Қара майка киген жоғары сынып оқушылары ыстық күнде қолшатыр астында отыр. Олар өздерін сабырлы ұстауда. Оқушылардың қолдарында "Болашағымыз үшін күресудеміз" деген ұрандар мен үндеу парақтары бар.
Полиция жиналғандарды тарату үшін ешқандай шара қолданып жатқан жоқ. Жастардың көбісі наразылық акциясы жөнінде әлеуметтік желілерден білгендерін айтады", – деп хабарлайды жергілікті телеарна.

Акция қатысушылары бес түрлі талап қойған: Экстрадиция туралы заңның күшін толығымен жою, полицияның әрекетін тергеу үшін тәуелсіз комиссия құру, ұсталған барлық наразылық акция қатысушыларын босату, оларды жаппай тәртіпсіздік санатына қоспау, сондай-ақ Гонконгта тікелей демократиялық сайлау енгізу.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel