RU
"Ауыздарыңа ие болыңдар": Ләйлә Сұлтанқызы заңмен кімді қорқытты?

"Ауыздарыңа ие болыңдар": Ләйлә Сұлтанқызы заңмен кімді қорқытты?

Рассказать Вконтакте

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы желіде былапыт сөздер жазатын оқырмандардың заңмен жазаланатынын еске салды. Бұл туралы журналист Instagram парақшасында жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сұлтанқызы аталған жазбасын Елбасының хабарламасынан кейін жариялағанын алға тартты.

"Ауыздарыңа ие болыңдар! Елбасының пікір білдірушілерге қатысты хабарламасынан кейін. Бұл енді тек блогерлерге емес, бәріне қатысты. Инста-батырларға да, псевдо-мықтыларға да! Карусельде оқырманы көп әріптестеріме жазылатын пікірлердің 21+ атасы да, 18+ көкесі де бар... Мұндағы мысалдар тағы жай ағасы мен апалары.
Елбасы бүгінгі жиналыста желіде жала жауып, ғайбат сөздер жазған адамдардың жазасын ауырлатуды тапсырды. Байқап сөйлеп, аңдап жазбағандар, қылмыстық кодекстің 130-бабы мен 131-баптары бойынша жазаланады. Кодекспен танысып шығу артық болмас", - деді ол.

Бұл жазба желі оқырмандарының арасында қызу талқыға түсіп, олар түрлі пікірлер білдірді.

Сіздің реакцияңыз
17
2
1
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel