RU
ЭКСПО-ға келіп қызды болған африкалық әйелге айыппұл салынды

ЭКСПО-ға келіп қызды болған африкалық әйелге айыппұл салынды

Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтанның әкімшілік соты 2017 жылы Қазақстанға ЭКСПО көрмесіне келіп, елде қалып қойған Моника Камукендж Камганзаға айыппұл салды деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Айта кетерлігі 28 жастағы әйел адам осымен екі жыл қатарынан Қазақстанда қалу құқығына ие бола алмай жүр. Африкалық азаматшаға аталмыш мәселенің шешілуіне халықаралық ұйым заңгерлері көмектесуде.

Бастапқыда Моника Камганза босқын мәртебесін алу үшін, құжаттар тапсырған еді. Алайда әйел адамның бұл өтініші қанағаттандырылмады. Себебі Конгода азаматтық соғыс жүріп жатқан жоқ.

Көші-қон заңының бұзылғандығы туралы шағым Мониканың үстінен өткен жылдың қыркүйек айында түскен. Оған сәйкес әйел адам әкімшілік заң бұзушылықтар туралы кодекстің 517 бабының төртінші бабы бойынша заң бұзды деген айыпталған.

"Моника Камукенж Канганза әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол 25 мың 253 теңге көлемінде айыппұл төлейді", - деп хабарлаған қалалық соттың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 28 жастағы африкалық азаматша бүгінде Аналар үйін бірнеше айдан бері паналап отыр.

Сіздің реакцияңыз
6
2
0
4
0
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel