RU

Оныншы қабаттан құлаған лифтінің ішінде болған ер адам ғажайыптың күшімен аман қалды

Канаданың Альберта провинциясы Эдмонтон қаласында лифт үзіліп, оныншы қабаттан құлап кеткен. Оның ішінде болған жолаушы аман-сау қалды деп хабарлайды Lenta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Белгілі болғандай, ер азамат жеделсатымен 12 қабатты үйден төмен түсіп бара жатқан. Оныншы қабаттың тұсына келген кезде құрылғы істен шығып, бірінші қабатқа бір-ақ құлаған.

Құтқарушылар лифт есігін ашқан кезде ішіндегі жолаушы өз бетімен сыртқа шыққан.

Ол арқасы ауырғанын айтып шағымданған, алайда, ауыр жарақат алмаған соң ауруханаға барудан бас тартыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1812471-onynsy-kabattan-klagan-liftini-isinde-bolgan-er-adam-gazajypty-ksimen-aman-kaldy.html