Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

«Хабар» арнасында ауыл ұстазы жайлы жаңа комедия көрерменге жол тартпақ

Опубликовано:

«Хабар» телеарнасының тапсырысымен түсірілген «Балтакөлде бақытым» атты комедия жанрындағы телехикая - жаңа маусымның шымылдығын ашпақ. Туындыда Балтакөл ауылының - орта мектебіндегі ұстаздар мен оқушылардың күнделікті тыныс-тіршілігі суреттеледі. Аталмыш комедияны 2 қыркүйектен бастап «Хабар» телеарнасынан тамашалай аласыздар.

«Хабар» арнасында ауыл ұстазы жайлы жаңа комедия көрерменге жол тартпақ

Ауылдың алтын жүрегіне айналған орта мектептің қайнаған өмірі, ондағы оқушылардың күнделікті бастан кешіретін қызығы мен шыжығына толы бұл туынды, көпшілік көрерменге, өз балалық шағына, шалғайдағы шырағы - ауылына көз жүгіртуге мүмкіндік сыйлайды.

Оқиға желісі бойынша 25 жастағы қалалық Дәурен есімді бас кейіпкер ауылға аттанып, өмірлік ұстанымдары мүлде басқа арнаға бұрылады. Педагогика мамандығына еркінен тыс түскен ол - дипломды қолына алған соң жеке кәсіппен айналысуды көздейді. Алайда, оқу ошағының деканы - қаладан ауылға барып, кемінде жарты жыл жұмыс өтілін өткерсе ғана, әскери билетін беретінін кесіп айтады. Көнбестің күнін кешкен Дәурен шалғайдағы ауылға аттанады. Бастапқыда, аталған жарты жылды тезірек, әйтеуір бірдеңе қылып өткізсем болды деген оймен жүреді. Тіпті сыныбындағы оқушыларының атын жаттауға ден қоймаған ол, уақыт өте ауыл тұрғындарының, айналасындағы адамдардың түрлі тағдырын, сындарлы сәттерін көреді. Сансыз сынақтарды бастан кешкен қалың қарашаның өмірінен алар азығының мол екенін түсінеді. Сондай-ақ Балтакөлдің орта мектебіне, дәл өзі сынды, жұмыс тәжірибесіне келген жас мұғалім қызға ессіз ғашық болады. Өмірінде орын алған осы оқиғалардан соң Дәуреннің ағартушылық, ұстаздық жолға деген көзқарасы, тағдыр туралы толғанысы, өмір туралы ойлары өзгереді ме? Жүрек пен ақыл, қайсын тыңдау керек?

Қызыққа толы хикаяны 2 қыркүйектен бастап, «Хабар» телеарнасынан «Балтакөлде бақытым» комедиялық телехикаясын тамашалаңыздар.

Комедияда басты рөлдерді Нұрқанат Молдахан, Болат Әбділманов, Ботагөз Жақыпбекова, Бауыржан Манжигитов, Иманғали Мазимбаев, Қуандық Шәкіржанов, Ұлбосын Шалқарова, Гүлнар Байбосынова және т.б. актерлар сомдайды.

*PR құқығында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1812472-habar-arnasynda-auyl-stazy-zajly-zaa-komedia-krermenge-zol-tartpak/

pixel