RU

"Романтикалық жағдайда": Шымкент әкімі мұғалімдерді ерекше марапаттады (видео)

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов ұстаздарды романтикалық жағдайда марапаттады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Мұғалімдердің дәсүрлі TAMYZ 2019 конфренциясында шахар басшысы қорытынды сөз сөйлеп отырған кезде Түркістан сарайында жарық өшіп қалды.

Электр қуатының қайта қосылуын күтіп отырған залдағылар ұялы телефондарының жарығын жағып, қою қараңғы түндегі жұлдыздардай сарайды әрлеп жіберді.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original
Сол сәтте әкім Ерлан Қуанышұлы: "Біршама марапаттарымыз бар еді. Осындай мына романтикалық жағдайда марапаттап жіберсек", - деп жиналғандарды ду күлдірді.

"Арафат" мектебінің директоры Пак Роза Викторовнаға марапатын ұсынып жатып қала әкімі Ерлан Айтаханов ұялы телефонның жарығымен жалт-жұлт еткен залды көрсетіп:

" Қараңызшы, жұлдызды аспан секілді. Қашан мұндай болып еді?!" - деп тағы бір әзілдей жөнелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1812480-romantikalyk-zagdajda-symkentti-zaa-kimi-mgalimderdi-erekse-marapattady-video.html