RU
Магистратураға түсу үшін орнына өзге біреуді кіргізбек болғандар қайта оқуға түсе ала ма?

Магистратураға түсу үшін орнына өзге біреуді кіргізбек болғандар қайта оқуға түсе ала ма?

Рассказать Вконтакте

Магистратураға түсу емтиханына өз орнына біреуді кіргізбек болғандар келесі жылы қайта тапсыра ала ма? Бұл сұраққа Ұлттық тестілеу орталығының директоры міндетін атқарушы Дидар Смағұлов жауап берді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Смағұловтың сөзінше, магистратураға өз орнына біреуді кіргізбек болғандарға қазіргі заңнамаға сәйкес келешекте қайта оқуға түсуге мүмкіндік бар.

Алайда Ұлттық тестілеу орталығының директоры бұл ережеге өзгеріс енгізу керек деген ойда.

"Себебі, кісі өз орнына басқа адамды жіберсе, келешекте жол бермеу керек деп санаймын", - дейді Дидар Смағұлов Орталық коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, бөгде адамды кіргізген үміткерге келешекте магистратураға тапсыру құқығы мүлде берілмеуі мүмкін.

"Бірақ, ол менің ойым. Ереже қалай қабылданатынын айта алмаймын", - деді ол.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel