Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тальгодағы" зорлау ісі қайта тергеуге жіберілді

Опубликовано:

"Тальго" пойызындағы зорлау бойынша қозғалған қылмыстық іс қайта тергеуге жіберілді. Сот тергеу процесінде көптеген бұзушылықтарды анықтап, екі жеке қаулы шығарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Иллюстрациялық фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Иллюстрациялық фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original
"Бірінші қаулы "ҚТЖ Жолаушылар тасымалы" ҰК АҚ басшылығының атына шығарылды. Онда көлік компаниясының жұмысындағы кемшіліктер анықталғаны көрсетілген. Атап айтқанда, қызметкерлердің тәртібін бақылау жұмысында жауапсыздық, сондай-ақ сотталғандарға қатысты мінездеме беруде немқұрайлық танытылғаны анықталды", – деп мәлімдеді "Немолчи.kz" қорының басшысы Дина Смаилова.

Екінші қаулы ҚР Бас прокуратурасы жанындағы ведомствоаралық жұмыс тобының атына шығарылды. Онда жұмыс тобына ҚР ҚК-нің 120, 121, 122, 123 баптары бойынша жазаны күшейту және аталған қылмыс түрлерін ауыр қылмыстар санатына өткізу, сондай-ақ ҚР ҚК-нің 55 бабын қолданыстан жою бойынша ҚР Қылмыстық кодексіне түзетулер енгізуге бастамашылық жасау қарастырылған.

Апелляциялық сот бірінші инстанциядағы соттың іс бойынша барлық дәлелдерді тиісінше зерттемегенін түсіндірді.

Сондай-ақ Дина Смаилованың айтуынша, аппеляциялық сот дәлелдерге әділ баға берілмегенін және іс жүргізу заңы ережелерінің елеулі бұзылуы қараусыз қалғанын мәлімдеген.

Аталған іс бойынша сотталған азаматтар қамауда қалады. Оларға қатысты бұлтартпау шарасы бір айға созылды.

Еске сала кетейік, 22 тамызда жолсеріктерге шыққан бірінші инстанциядағы сот үкімінің күші жойылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1812490-talgodagy-zorlau-isi-kajta-tergeuge-ziberildi/

pixel