RU
Деревянченко: Головкинге қарсы тұра алатынымды дәлелдегім келеді

Деревянченко: Головкинге қарсы тұра алатынымды дәлелдегім келеді

Рассказать Вконтакте

Украиналық боксшы Сергей Деревянченко 5 қазан күні Нью-Йоркта Геннадий Головкинға қарсы өткізетін жекпе-жегіне байланысты мәлімдеме жасады деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Маған орта салмақта әлем чемпионы атағы үшін күресуге кезекті мүмкіндік берілгеніне қуаныштымын. Головкинді қатты сыйлаймын, рингте оған қарсы тұра алатынымды дәлелдегім келеді. Әлем чемпионы болып, арманыма қол жеткізуді көздеймін.
Madison Square Garden аренасына келіп, біздің кездесуді тамашалайтындар – керемет жекпе-жектің куәсі болмақ. Рингке шығар сәтімді тағатсыздана күтіп жүрмін", – дейді украиналық боксшы.

Еске сала кетейік, IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағы сарапқа салынатын жекпе-жектен Головкин мен Деревянченконың қанша табыс табатыны белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel