RU

Тоқаев Беларусьтегі Қазақстан елшісі Бейсенбаевқа тапсырма берді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Беларусьтегі жаңадан тағайындалған елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты Өкіл қызметін қоса атқарушы Асқар Бейсенбаевты қабылдады деп хабарлайды Ақорда.

Тоқаев
Фото: Ақорда: UGC

Кездесу барысында мемлекет басшысы Беларусь Республикасымен көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытудың, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ аясында өзара ықпалдастықтың маңыздылығын атап өтті.

Соңында Қазақстан президенті Асқар Бейсенбаевқа бірқатар нақты тапсырма берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1812503-tokaev-belarustegi-kazakstan-elsisi-bejsenbaevka-tapsyrma-berdi.html