RU
Қарағандыда кішкентайларға тиіскен 52 жастағы адам қолға түсті
Жаңалықтар Қоғам

Қарағандыда кішкентайларға тиіскен 52 жастағы адам қолға түсті

Рассказать Вконтакте

Қарағандыда кішкентай балаларға азғындық әрекеттер жасамақ болды деген күдікті азаматты тәртіп сақшылары ұстады. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат хабарлайды.

Қарағандыда кішкентайларға тиіскен 52 жастағы адам қолға түсті

Көрнекі фото: narodna-pravda.ua

21 тамыз күні түскі уақытта Киров полиция бөліміне 30 жастағы қала тұрғыны хабарласып, белгісіз ер адам кішкентай балаларға тиісіп, азғындық әрекеттер жасамақ болғанын хабарлаған.

«Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері ер адамды полиция бөліміне жеткізді. Оның тұлғасы анықталды, ол 52 жастағы қала тұрғыны болып шықты», - деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі.

Аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Сіздің реакцияңыз
1
0
2
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel