RU
"Жерге жатқызылған": Алматыда банк жанында ұстау операциясы өтті
Жаңалықтар Қоғам

"Жерге жатқызылған": Алматыда банк жанында ұстау операциясы өтті

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желілерде Алматыдағы Назарбаев даңғылы мен Мақатаев көшесінің қиылысында орналасқан банктің жанында белгісіз жастарды ұстау сәтінен кадрлар пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жарияланған фотосуретте жерге бетін басып жатқан екі жігіттің, ал жандарында, шамамен оларды ұстаған адамдар тұрғаны көрініс тапқан.

Zakon.kz хабарлауынша, 22 тамызда оңтүстік астананың Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері банктің жанында жігіттерді қолға түсіріпті.

Күдіктілер ақшаны компаниялардың бірінің есепшотынан шығарып алған.

Ведомствода атап өтілгендей, бұл жедел шаралар іс жүзінде жұмыс жасамай, қызмет көрсетусіз немесе тауарларды жеткізбестен шот-фактуралар беру мәселесін тергеу аясында жүргізілді.

Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу амалдары жүріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз
2
0
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel