RU
Нұр-Сұлтанда белгілі университеттің лицензиясы тоқтатылды

Нұр-Сұлтанда белгілі университеттің лицензиясы тоқтатылды

Рассказать Вконтакте

Құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын басшылыққа алған Білім және ғылым министрлігі еліміздің жоғары оқу орындарын тексеру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Осы орайда, «Астана» университетінде жүргізілген тексеріс нәтижелері анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұр-Сұлтанда белгілі университеттің лицензиясы тоқтатылды

"Астана" университеті. Фото: astanauniver.kz

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің Facebook желісіндегі ресми парақшасында мәлім болды.

"«Астана» университетінде жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізіліп, бірқатар бұзушылық анықталды.

Жоспардан тыс тексеру нәтижесінде аталған білім беру ұйымында қолданыстағы талаптарға сәйкес келмеген мәселелер анықталды: университетке қабылдау ережелері, студенттерді ауыстыру және қайта қабылдау тәртібі, емтихан өткізу және емтихан сессиясының қорытындысы бойынша құжаттар жүргізу тәртібі бұзылған, сонымен қатар аралық бақылау жүргізу кезінде Академиялық саясат сақталмаған.

Тексеру барысында әкімшілік іс қозғалып, ағымдағы жылдың 14 тамызында қаралды. Нәтижесінде, айыппұл салу және білім беру қызметіне лицензияның қолданылуын тоқтату туралы қаулы шығарылды.

Бүгінгі таңда қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Сонымен қатар, университетке 2019 жылдың 1 қыркүйегіне дейін анықталған барлық бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Нұсқама орындалмаған жағдайда іс сотқа жіберіледі", - делінген ресми хабарламада.

Сіздің реакцияңыз
3
2
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel