RU
"Аздап қорқып тұрмын": Головкин Деревянченкомен жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді

"Аздап қорқып тұрмын": Головкин Деревянченкомен жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Боксшы Геннадий Головкин бесінші қазан күні украиналық қарсыласы Сергей Деревянченкомен өтетін кездесуге қатысты ойын айтты. Қос мықты орта салмақтағы IBF титулын сарапқа салатын болатын деп хабарлайды vesti.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Головкин мен Деревянченко жекпе-жек алдында алғаш рет бетпе-бет кездесіп, Нью-Йорк қаласында баспасөз конференциясын өткізді.

Сұрақтарға жауап беру барысында отандасымыз жекпе-жек алдында аздап қорқып тұрғанын жасырмады. Ол Деревянченконы бұрыннан бері танитынын жеткізді.

"Өте қатты толқып тұрмын. Бұл керемет сый. Біріншіден, мен өзімнің екінші үйіме қайта оралып жатқаныма қуаныштымын. Мансабымда маған үлкен қолдау білідіріп келе жатқан Madison Scuare Garden отбасыма рахмет. Әрине, толқып тұрмын. Себебі, қазіргі жағдайды түсінемін. Қазіргі таңда, мен бокстағы ең мықты адамдармен жұмыс істеп жатырмын. Менің қарсыласым ең мықты. Сергей Деревянченконы бұрыннан бері танимын.

Деревянченко шын мәнінде, өте жақсы боксшы. Мен жағдайды түсініп тұрмын. Бұл ойын емес, нағыз жекпе-жек. Мен аздап қорқып тұрмын. Себебі, ол сенімді. Оның бапкерінің сөздеріне құлақ асыңыздаршы. Оныкі де дұрыс. Оның командасы өте мықты.

Не себепті қорқып тұрмын? Ол құдды өз уақыты келгендей жақсы, мықты көрінеді. Енді, мүмкін, мүмкін. Бұл бокс, ешкім нақты не боларын біле алмайды ғой. Егер, шынайы жекпе-жек пен нағыз шоу көргіңіз келсе, бесінші қазан күні MSG-ға келіңіз.
Боксқа және маған барынша қолдау көрсетіп жатқан жандарға алғысымды білдіремін. Промоутерлік компанияларға, демеушілерге және бұл жекпе-жекке қатысы бар барлық адамдарға үлкен рахмет. Достар мен сіздерге 5 қазан күні ғаламат шоу болатынына уәде беремін. Сіздерді MSG-ді күтемін" , - дейді GGG.

Сіздің реакцияңыз
7
6
0
2
0
1
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel