RU
"Астана" БАТЭ командасын 3:0 есебімен ойсырата жеңді

"Астана" БАТЭ командасын 3:0 есебімен ойсырата жеңді

Рассказать Вконтакте

Еуропа Лигасы плей-офф кезеңіндегі алғашқы матчта "Астана" Белоруссияның БАТЭ командасын 3:0 есебімен тізе бүктірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Fcastana.kz

Фото: Fcastana.kz

Матч 22 тамызда Нұр-Сұлтан қаласындағы "Астана Арена" алаңында өтті. Ойынның 23-ші минутында "Астананың" хорватиялық жартылай қорғаушысы Марин Томасов есеп ашты.

Үзіліске дейін отандастарымыз есепті еселеп үлгерді. 44-ші минутта бірінші голдың авторы Марин Томасовтың әуелете көтерген добын Юрий Логвиненко баспен ұрып, БАТЭ қақпашысын қапыда қалдырды.

Соңғы голды "Астана" екінші таймның басында соқты. 52-ші минутта БАТЭ қорғаушысы Дмитрий Бага өз айып алаңында Рунара Мара Сигурьонссонға қарсы ойын ережесін бұзды. "Астананың" исландиялық легионері 11 метрлік айып добын сәтті орындап, үшінші голдың авторы атанды.

Командалар арасындағы жауапты кездесу 29 тамыз күні Белоруссияның Борисов қаласында өтеді. Аталған жұптың жеңімпазы Еуропа Лигасының топтық кезеңінде өнер көрсететін болады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel