RU
Атамбаевтың тағы бір серігіне қарсы іс қозғалды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Атамбаевтың тағы бір серігіне қарсы іс қозғалды

Рассказать Вконтакте

Бішкектің Бірінші май аудандық соты қырғыз парламентінің депутаты Ирина Карамушкинаны үйқамаққа алу жөнінде шешім шығарды. Сот шешімі жабық есік тәртібінде өтті деп хабарлайды Орталық Азия жаңалықтар қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ирина Карамушкина. Фото: 24.kg

Ирина Карамушкина. Фото: 24.kg

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың серігі Ирина Карамушкина "тұтқынға алу" бойынша күдікке ілінген. Бұл жөнінде елдің бас прокуратурасы мәлімдеді.

Ирина Карамушкинаның өзі бас прокурордың оны "жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру" ісінде куәгерден күдіктіге ауыстырғанын хабарлады.

Еске сала кетейік, 7-8 тамызда Шу облысының Аламудун ауданы Қой-Таш ауылында экс-президент Алмазбек Атамбаевты мәжбүрлі түрде тергеуге жеткізу бойынша арнайы операция жүргізілген.

Оқиға кезінде ондаған адам зардап шегіп, арнайы жасақ өкілдері кепілдікке алынып, 20 сағат бойы Атамбаевтың үйінде тұтқында болған. Басынан жарақат алған ішкі істер басқармасының басшысы Самат Курманкулов комаға түсті. Ол қазір Мәскеуде емделуде.

Елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев ұсталғаннан кейін оның бірқатар жақтастары тергеуге шақырылды.

Атап айтқанда, Президент аппаратының бұрынғы жетекшісі Фарид Ниязов, Атамбаевтың жақтастары Алга Кылычов, Кыяз Смаилов және Амантур Жамгырчиев арнайы жасақ өкілдерін кепілдікке алды деген күдікпен 8 қазанға дейін қамауға алынған.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel