Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі Мэрилин Монроның ессіз табынушысы оны мәйітханада суретке түсірген

Опубликовано:

Ерлер қауымын естен таңдырған танымал актриса Мэрилин Монроның мәйітханадағы суреттері пайда болды. Танымал актрисаны көз жұмғаннан кейін оның ессіз табынушыларының бірі фотоға түсірген болып шықты. Бұл туралы америкалық Fox News арнасында көрсетілген деректі фильмнен белгілі болды деп жазады woman.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: East News
Фото: East News: Twitter

Монроның өмірден өткеніне жарты ғасырдай уақыт өтсе де, оның өміріне қатысты деректер қалың көпшілікке әлі де қызық.

Fox News ұсынған фильмде танымал актриасының аса белсенді табынушысы болған Ли Виннер есімді фотограф туралы айтылды. Анықталғандай, ол Мэрилин Монроны мәйітханада жатқан жерінен суретке түсіріп алған.

Ер адам өзі үшін үлгі болған кино жұлдызға ақтық сапарға аттанбас бұрын, соңғы фотосессия жасап беруді мақсат еткен.

Бұл ойын іске асыру жолында ол алдын ала жоспар құрғаны белгілі болды. Алдымен Винер мәйітхана күзетшілеріне аса бағалы ішімдік ұсынып, актрисаның денесі жатқан бөлмеге кіруге рұқсат алған.

Мэрилиннің өлі денесін суретке түсіру үшін Ли Виннер бес пленкалы кассетаны ала барған. Азамат олардың барлығын қолданып, әйгілі актрисаны қалаған тұсынан суретке түсірген.

Фото: East News
Фото: East News: Twitter

Виннер түсірген суреттерінің жартысын америкалық басылымдарға сатып, қалғанын өзінде қалдырған.

Оның сөзінше, бес пленканың екеуі толығымен Монроның ашық денесінің суреттеріне толы болған. Бұл суреттерді фотограф өмірінің соңына дейін ешкімге көрсетпей кеткен. Суреттер тіпті, ер адамның өлімінен кейін де табылмаған.

Фото: East News
Фото: East News: Getty Images

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1812542-jgili-merilin-monrony-essiz-tabynusysy-ony-mjithanada-suretke-tsirgen/

pixel