RU
"89,4 млн доллар тапқан": Әлемдегі ең бай актер кім?

"89,4 млн доллар тапқан": Әлемдегі ең бай актер кім?

Рассказать Вконтакте

Америкалық актер Дуэйн Джонсон 2019 жылы 89,4 млн доллар табыс тауып, әлемдегі ең бай актер атанды. Бұл рейтингті Forbes журналы жариялған деп хабарлайды Life.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Дуэйн Джонсон. Фото: newslocker.com

Дуэйн Джонсон. Фото: newslocker.com

Джонсон "Джуманджи. Жаңа деңгей" фильміне түскені үшін 23,5 млн долларға жуық қаржы алған.

Кинокартинаның тұсаукесері 2019 жылдың желтоқсан айына белгіленіпті. Өткен жылы актер дәл осы тізім бойынша Джордж Клуниден кейін екінші орынға жайғасқан еді.

Биыл екінші орынға 76,4 млн доллар табыс тапқан Крис Хемсворт ие болса, кіші Роберт-Дауни 66 млн доллармен үшінші орында.

Үздік ондыққа Акшай Кумар, Джеки Чан, Брэдли Купер мен Адам Сэндлер, сондай-ақ, Крис Эванс, Полл Рад және Уилл Смит енді.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel