RU

"Ананың әйелі әдемі": Күйеуінің салыстыруынан шаршаған әйел мұңын шақты

Күйеуінен әбден көңілі қалған келіншек жан сырын ақтарды. Әйел адам өзін өзгелермен салыстыруын қоймайтын жұбайынан шаршаған. Бұл жайында кейіпкер Instagram желісіндегі "Әйел бақыты" парақшасында жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pxhere.com
Көрнекі фото: pxhere.com: Facebook

Келіншектің жарымен шаңырақ көтергеніне бес жыл болған.

"Мені әрдайым біреулермен салыстырып жүреді, ананың әйелі әдемі, мынаның әйелі әдемі. Тамақты жақсы дайындайды дейді. Көңілін қалай табуға болады? Тырыссам да ештеңе жақпайды.
Достарының көзінше мені жамандап отырады. Сөзге тартсам сөйлеспейді, "кетші бар" деп отыра береді. Төсек қатынасы 1-2 айлап болмайды. Үйленгенімізге бес жылдай болды, күнде бүгін тағы не айтып кемсітеді деп уайымдап отырамын", - деді ол.

Жұбайының назарын өзіне аудара алмаған әйел көпшіліктен кеңес сұрап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1812560-anany-jeli-demi-kjeuini-salystyruynan-sarsagan-jel-myn-sakty.html