RU
Қазақстандық азамат Меккеде болған таңғажайып оқиғаларымен бөлісті
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстандық азамат Меккеде болған таңғажайып оқиғаларымен бөлісті

Рассказать Вконтакте

Ақтөбелік Асқар Рамазанов Меккеге осымен үш мәрте барып, әр жылы түрлі қызықтарды басынан кешкен. Ер адам қасиетті мекенге барған сайын, оның әр тілегі орындалған көрінеді. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Sputnik Қазақстан

Фото: Sputnik Қазақстан

Ақтөбелік азамат осымен үшінші рет Меккеге аттанғанына алдымен Аллаға шүкіршілік ететінін айтқан.

"Мені өзіне қонақ қылып шақырып отырған Аллаға мың да бір алғыс айтамын. Қажылықтан кейін санамда көптеген өзгерістер болды. Басқаша айтқанда мен рухани тұрғыда бай адамға айналдым", - дейді ер адам.

Сонымен бірге ер адам алғаш рет Қағба мен Арафат тауын көргендегі әсерімен де бөліскен. Оның айтуынша, Меккеде ер-азаматтың барлық ниет еткен тілегі орындалып, ол біршама таңғажайып оқиғалардың куәсі болған.

Фото: Sputnik Қазақстан

Фото: Sputnik Қазақстан

"Менің Меккеге үш сапарым да бір-біріне ұқсамады. Мұндай күйді ата-анаңды көп уақыт көрмеген уақытта бастан кешесің. Оларды сағынасың. Менде де дәл солай болды. Алламен сағына қауышып, оған іштегі бар сырыңды, ниет-тілегіңді ақтарғандай күй кештім.

Бір қызығы мен ниет еткен тілектің көпшілігі орындалды. Мәселен мен бұрын кездесіп көрмеген рухани ұстазыммен кездескім келді.

Ойлағаным сол еді, ол жанымнан табыла қалды. Су ішкім келді, бір уақытта біреу маған аяқ астынан су әкеліп берді. Сосын шайтанға тас лақтыру рәсімінде адам өте көп болды.
Мен ішімнен ол жаққа жақындай алмайтын шығармын деп ойлап тұрғанмын, оқта-текте өзінен-өзі жол пайда болып, адамдардың қарасы сейіле бастады. Осылайша мен көптің ішіне кіріп кеттім", - деп ағынан жарылды ер адам.

Асқар Рамазанов екі жыл бұрын Меккеде жоғалтып алған үш мың доллары бар әмиянның да ғажайыптың күшімен табылғанын атап өтті.

"Мен тәубеме келіп, ішімнен бастысы қайтарға билетім бар деп сабырға келіп отырғанмын. Біреу алыстан "Асқар" деп айғай салды. Сөйтсем жергілікті полицейлер менің әмиянымды тауып алған екен.
Ал олардың жанынан сол мезетте бір қазақстандық азамат өтіп бара жатыпты. Ол менің жүргізуші куәлігімді көріп, бірден атымды атап, айғай салыпты. Осылайша әмияным мен ақшамды тауып алдым", - дейді ер азамат.

Айта кетейік, биыл 3 мыңнан астам қазақстандық азамат қасиетті жерге барып, Алла алдындағы бес парызының бірін орындады. Олардың бірқатары елге оралды.

Сіздің реакцияңыз
4
0
1
1
0
52
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel