RU
Тоқаев Қарағанды облысына ат басын бұрды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Тоқаев Қарағанды облысына ат басын бұрды

Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәлидің ақпараты бойынша, сапар барысында президент бірқатар индустриялық және әлеуметтік нысандармен танысады.

Қарағандыда президенттің төрағалығымен еліміздің индустриялық-инновациялық дамуы жөнінде кеңес өтеді.

Бағдарламаға сәйкес түстен кейін сапар Жезқазғанда жалғасады.

Онда Қасым-Жомарт Тоқаев мыс балқыту зауытының жұмысымен танысады.

"24 тамызда мемлекет басшысы Ұлытауда өтетін Халықаралық туризм форумына қатысады және ІІ "Жезкиік" халықаралық музыка фестиваліне барады", - деп толықтырды Берік Уәли.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel