RU
"Темір ханшайым": Қазақстандық ару Ла-Манш бұғазын 15 сағатта жүзіп өтті

"Темір ханшайым": Қазақстандық ару Ла-Манш бұғазын 15 сағатта жүзіп өтті

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық Әнел Сытдықова әйгілі Ла-Манш бұғазын жүзіп өтті. Спортшы 38 шақырым қашықтықты 15 сағат 15 минут уақытта бағындырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Facebook/Ғали Исқалиев

Фото: Facebook/Ғали Исқалиев

Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Исқалиев Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Жерлесіміз Әнел Сытдықова әйгілі Ла-Манш бұғазын жүзіп өтті! Өткен түні Әнел 38 шақырым қашықтықты 15 сағат 15 минут уақытта гидрокостюм кимей жүзіп өтті.
"Қазақстанның темір ханшайымы" атағын бірнеше мәрте иемденген біздің триатлоншымыз Әнел Сытдықованы, бапкерлерін, жақындарын таңдай қағуға тұрарлық нағыз жеңісімен шын жүректен құттықтаймын! Спортшыларымыз жеткен жетістік – біз үшін де зор мәртебе!" - деді ол.

Айта кетейік, 41 жастағы спортшы қазіргі уақытта Англияда тұрады. Ол үш ұлдың анасы. Әнелдің балалары да спортпен айналысады.

Сіздің реакцияңыз
1
0
2
0
0
19
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel