RU
Әйгілі Макгрегор қарияны соққыға жыққаны үшін кешірім сұрады
Жаңалықтар Қоғам

Әйгілі Макгрегор қарияны соққыға жыққаны үшін кешірім сұрады

Рассказать Вконтакте

UFC жұлдызы Конор Макгрегор Дублиндегі мейрамханалардың бірінде қарт кісіні соққыға жыққаны үшін кешірім сұрады. Ирландиялық спортшы бұл әрекеті үшін өкінетінін білдірген деп жазады "Чемпионат" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Конор Макгрегор қателікке бой алдырғанын мойындады.

"Ол жерде не болғаны маңызды емес. Менікі дұрыс болмады. Ол адам мейрамханада көңіл көтергісі келген. Күні дәл сондай оқиғамен аяқталарын күтпеген де. Бұл жағдай бес ай бұрын орын алды. Мен өз кінәмді жуып-шаюға тырыстым. Мен қателестім. Мен мойныма жауапкершілікті бұдан бұрын алуым керек едім.
Осыған орай маған қолдау білдіріп келе жатқан адамдарға алғыс айтамын. Мен анамның, өз отбасымның, мені жаттықтыратын адамдардың алдында қарыздармын. Бұл мен емес. ММА-ға келуімнің себебі бұл емес. Мен спортқа керісінше адамдарды мұндай оқиғалардан қорғау үшін келгенмін. Дәл қазір мен осыны мойындап, ары қарай жылжуым қажет" , - деді Макгрегор.

Айта кетейік, бұған дейін желіде Конор Макгрегордың қарияны соққыға жыққан сәтінен видео тараған.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
4
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel