RU
Жәкішевтің ісіне байланысты шағымды қарау тағы кейінге қалдырылды

Жәкішевтің ісіне байланысты шағымды қарау тағы кейінге қалдырылды

Рассказать Вконтакте

"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевті шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы сот шешіміне түсірілген шағым 27 тамызда қаралмайды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото: Азаттық радиосы

Фото: Азаттық радиосы

Бұл туралы оның адвокаты Нұрлан Бейсекеев мәлімдеді.

"Маған SMS арқылы хабарлады, неге кейінге қалдырғанын айтқан жоқ", - деді ол.

Адвокаттың сөзінше, сот шешіміне түсірілген шағым 2019 жылдың 10 қыркүйегінде қаралататын болды.

Еске сала кетейік, "Қазатомөнеркәсіп" ҰК бұрынғы басшысы 2010 жылы 14 жылға сотталған еді. Оған сеніп тапсырылған мүлікті жұмсау және пара алды деген айып тағылған.

Осы жылдың 24 шілдесінде Семей соты Мұхтар Жәкішевтің мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы шағымын қарады. Сот оның бұл өтінішін қанағаттандырмаған болатын.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel