Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әсел Асқар Кенталдың бейнебаянында басты рөлді сомдамақ (фото)

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде Кенталдың отандық актриса Әсел Асқарға ұсыныс жасап, саусағына сақина салған сәтінен сурет тарап кетті. Әнші өзінің Instagram парақшасында актрисаның жаңа клипінде басты рөлді сомдайтынын айтып берген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әсел Асқар, Кентал. Фото: Әншінің жеке парақшасынан. Колллаж: KAZ.NUR.KZ
Әсел Асқар, Кентал. Фото: Әншінің жеке парақшасынан. Колллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram
"Мен шешім қабылдап, ұсыныс жасадым. Иә, дәл солай. Бұл менің дәл қазіргі күйімді суреттейді. Сондықтан мен "Иная" атты бейнебаяныма клип түсірмекпін. Қазір клип түсіру жұмыстары атқарылып жатқандықтан, сіздерге бейнебаян жайлы бірнеше мәлімет ұсынбақпын.
Менің бейнебаянымның басты кейіпкері - Әсел Асқар. Өте батыл әрі жұмбақ актриса. Мен оның мінезі мен ашықтығына тағы бір мәрте таңғалдым. Ол әрі мықты әрі нәзік бола алады. Жақында бейнебаян күтіңіздер", - деп жазды әнші.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Кентал жүрегін жаралаған аруды жолықтырғанын айтқан болатын.

Кейін әнші сүйгенін әріптесі Луинаның 32 жасқа толған туған күніне ерте барып, көпшілікке таныстырды.

Ал осыдан бір апта бұрын Кентал сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1812592-sel-askar-kentaldy-bejnebaanynda-sjiktisini-rlin-ojnamak-foto/

pixel