Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сәнқой немересінің киімін киіп көрген қария желіде жұлдыз болды

Опубликовано:

Жапониядағы Акита қаласының 85 жастағы тұрғыны Тецуя Комо санаулы күн ішінде нағыз желі жұлдызына айналды. Қария немересінің сәнқой киімдерін киіп, көпшіліктің қызығушылығын туыдрған деп жазады segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қарт кісінің Наоя атты немересі отбасылық мейрам кезінде оған өз киімдерін кигізіп көрмек болған. Нәтижесінде атасын суретке түсіріп алған жасөспірім оның суреттерін Twitter желісіне жариялап жіберген.

Тецуя Комоның суретке түсуінің өзі бір ерекше үрдіс. Қарт кісі киімін фотосессия өтетін жерге сай қылып таңдайды. Мәселен, кітапханада өткен түсірілімге қария Balenciaga күртешесі мен Gucci сөмкесімен келген. Бұлайша, сәнқой ата түрлі түсті киіммен алуан түрлі кітаптар арасында көрінгісі келген.

Уақыт өте келе, атасына деген көпшіліктің қызығушылық арта түскенін байқаған Наоя оған жеке Instagram парақшасын ашып берген.

Алғашқы айдың өзінде Тецуяға 65 мыңнан аса адам жазылса. Қазіргі таңда зейнеткердің парақшасын 125 мыңнан аса адам қарайды.

Сонымен қатар қарияның өз сайты да бар. Ол жерде атаның суреттерін қарап, оған хат жазуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1812603-snkoj-nemeresini-kiimin-kiip-krgen-karia-zelide-zldyz-boldy/

pixel