RU

Қармағына екі басты балық түскен ерлі-зайыптылар таңырқап қалды (фото)

Американың Платтсбург қаласында ерлі-зайыптылар екі басты ерекше балықты қармаққа түсірді деп хабарлайды Lenta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Facebook.com/Knotty Boys Fishing
Фото: Facebook.com/Knotty Boys Fishing: Facebook

Дебби Гедес күйеуі Адаммен бірге Шамплейн көлінде балық аулап жатқан.

Кенет қармақтың жібі қатты тартылғанын байқап, ілмекке ірі балық ілінді деп ойлаған. Алайда, судан шыққан алабалықтың көлемі оны еш таңғалдырмады.

Ерлі-зайыптылар балықты дұрыстап қараған кезде оның бір емес екі аузы бар екенін аңғарған. Олар ерекше балықты бірнеше рет суретке түсіріп, көлге қайта жіберген.

Дебби мен Адам ерекше балықтың суреттерін Facebook желісіндегі Knotty Boys Fishing тобында жариялаған. Адамның пікірінше, балықтың дене бітіміндегі өзгеріс Шамплейн көлінің ластануымен байланысты.

Ал Дебби балықтың екінші аузы басқа балықшының қармағынан жарақат алуының нәтижесінде пайда болған деп есептейді.

Ол дене бітіміндегі ауытқуға қарамастан балықтың сау әрі белсенді көрінгенін айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1812605-karmagyna-eki-basty-balyk-tsken-erli-zajyptylar-tayrkap-kaldy-foto.html