RU
Алматыда троллейбус жүргізушісі кенеттен тұтанған өртті жалғыз өзі өшірді (видео)

Алматыда троллейбус жүргізушісі ойда-жоқта тұтанған өртті жалғыз өзі өшірді (видео)

Рассказать Вконтакте

Бүгін Алматы қаласында Абай мен Жароков көшелерінің қиылысында жолаушылар автобусы өртке оранды деп хабарлайды Newtimes.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Куәгерлер түсірген видеода троллейбустың үстінде түтін шығып жатқаны, сол уақытта көлікте жолаушылар бар екенін аңғаруға болады.

Соңында қоғамдық көлік жүргізушісінің троллейбус шатырына көтеріліп, өрт сөндіру құралымен отты өшіріп жатқаны байқалады.

"Сағат 08:57-де өрт сөндірушілер пультіне троллейбустың өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түсті. Көлік жүргізушісі жалынды өзі өшірген. Өрт сөндірушілердің көмегі қажет болған жоқ",- деді Алматы Төтенше жағдайлар департаментінде.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel