RU
Головкиннің қарсыласы Сергей Деревянченко туралы не білесіз?

Головкиннің қарсыласы Сергей Деревянченко туралы не білесіз?

Рассказать Вконтакте

Бірер күн бұрын қазақстандық Геннадий Головкин мен украиналық Сергей Деревянченконың жұдырықтасатыны мәлім болған еді. Орта салмақтағы украиналық боксшы Қазақстан боксымен бұрыннан таныс деп жазады Vesti.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Сергей Феодосия қаласының тумасы. Ол бокспен 10 жасынан бастап айналысып, 11 жасында Украина чемпионатында екінші орынға ие болған.

15 жасында осы турнирде жеңімпаз болып, әрі қарай жастар арасындағы Еуропа чемпионы атанған.

Алғаш рет 2005 жылы ел чемпионы болған ол бұл атақты 2007- 2010 жылдары аралығында ұстап тұрды.

2007 жылы әлем чемпионатында 75 келі салмақта қола жүлдегер атанды.

2010 жылы Бүкіл әлемдік бокс сериясында (WSB) италиялық Milano Thunders командасында өнер көрсете бастады. Өз салмақ дәрежесіндегі алты кездесуінде де жеңіске жеткен ол маусымның үздік боксшысы атанды.

Деревянченко италиялық команданың сапында 13 кездесу өткізіп, бірде бір рет жеңілмеген. Украиналықтан жеңілгендер арасында қазақстандық Хусан Байматов пен сол кездері WSB сапында жүрген Қанат Ислам болды.

2013 жылдан бастап Сергей "Астана Арланс" сапында өнер көрсетіп, қазақстандық клубқа маусым жеңімпазы болуға көмектесті. Сол кезде ақтық сынға украиналық Ukraine Otomans командасы өткен болатын.

Деревянченко қазақстандық БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында: "Мен әрі қарай да тек жеңуге дайынмын. Рингтегі өз нөмірімді жай өткізгім келмейді: менің мақсатым - менің кездесулерімді телеарнадан әрдайым бақылап отыратын туыстарым мен мінбердегі жанкүйерлерімнің көңілін түсірмей, әдемі, қызықты жекпе жек өткізу", - деген болатын.

"Астана Арланс" сапындағы екі маусымнан соң ол әуесқой бокстағы мансабын аяқтап, кәсіпқой боксқа көшті.

Қазақстандық клуб қатарында ол 11 кездесу өткізіп, тек соның біреуінде ғана аргентиналық Брайан Кастаньодан жеңілген.

Сергей әуесқой бокста 410 кездесу өткізіп, бар болғаны 20 кездесуінде жеңілген. WSB қатарында 24 кездесуден 23-і Деревянченконың жеңісімен аяқталған.

Өзінің кәсіпқой бокс мансабын танымал промоутер Лу Дибелламен бастап, әлі күнге дейін бірге жұмыс істейді.

Деревянченко кәсіпқой бокста 13 кездесу өткізіп, соның біреуінде (Даниэль Джейкобс) жеңілген.

Сіздің реакцияңыз
1
0
2
0
1
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel