Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Баласыз шықтық": Асылбек Боранбаевтың жұбайы ең ауыр сәтті еске алды

Опубликовано:

"Тамаша" театры арқылы көпшілікке кеңінен танылған актер Асылбек Боранбаевтың жұбайы өмірінде орын алған ең қиын кезең жайлы айтып берді. Актер мен әйелі Гузель "Той жыры" бағдарламасында жан сырымен бөліскен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Танымал актердің әйелі баласынан айырылған ауыр күндерді еске алды.

"Тұңғышымыз ұл болды. Менде екі күн толғақ болды, бірақ босана алмадым. Қаным аз болғандықтан, талып қалғанмын. Дәрігерлер әйтеуір босандырып алған.

Кейіннен мен сол ауруханада жаттым. Ал баламды басқа аурухананың балалар бөліміне жатқызды.

Мен бір айға жуық перзентханада жаттым. Барлығы кәдімгідей гүлдерімен, орталық есіктен шығып жатса, біз артқы есіктен баласыз шықтық.

Бала басқа ауруханада жатты, сүт апарып беріп тұрамыз. Таныс таптық. Сосын екі айға толып қалған шағында бала шетінеп кетті.
Кейін сұрап білгенімізде, бала туылған кезде жарақат алған екен", - дейді актердің келіншегі.

Бүгінгі таңда Гузель мен Асылбек Боранбаевтың төрт қыз бен бір ұлы бар.

Өнер иесінің айтуынша, ол әйеліне ешқашан "ұл тумадың" деп айтып көрмеген.

"Әрбір азамат ұл болғанын қалайды. Бірақ мен осы уақытқа дейін ешқашан әйеліме "қыз босандың" деп артық әңгіме айтқан емеспін. Өйткені менің мәдениетім бөлек.
Ұлдың орны бөлек. Бірақ қыздарым мені ерекше жақсы көреді. Қазірдің өзінде аяқ киімімді сүртіп, бауын байлап шығарып салады", - дейді Асылбек Боранбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1812648-balasyz-syktyk-asylbek-boranbaevty-zbajy-e-auyr-stti-eske-aldy/

pixel