RU

"Үнемі аузы ашылып жүрді": Сағынтаевқа аудан әкімінің үстінен шағым түсті

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесті. Жергілікті халық тұрмыстық мәселелеріне ғана емес, су жаңа әкімдеріне де шағымданды деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Мақсат Кикимов. Фото almaty.gov.kz
Мақсат Кикимов. Фото almaty.gov.kz: Facebook

Жетісу ауданы тұрғындарының сөзінше, ауданның жаңа басшысы халықпен кездесу өткізсе де, олардың мәселелеріне ешқандай қызығушылық танытпапты.

"Оның біздің мәселемізден хабары жоқ, оған қызық болған да жоқ. Оның үнемі аузы ашылып жүрді", - деді аудан тұрғыны.

Талқылаудың тақырыбы жол айрықтың құрылысына байланысты сүріліп тасталған үйлер болды.

Тұрғындардың сөзінше, олар өздеріне уәде етілген өтемақыны екі жылдан бері әлі ала алмай жүр екен.

Өз кезегінде мегаполис әкімі мұндай мәселелердің басқа да аудандарда барын айтты. Мәселені шешу үшін әкімдікте тиісті жұмыстар атқарылып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1812649-nemi-auzy-asylyp-zrdi-sagyntaevka-audan-kimini-stinen-sagym-tsti.html