RU
"Не тірі, не өлі адам таппадық": Құтқарушылар альпинистерді іздеу туралы айтты

"Не тірі, не өлі адам таппадық": Құтқарушылар альпинистерді іздеу туралы айтты

Рассказать Вконтакте

Алматыда Қорғаныс министрлігі баспасөз конференциясын өткізіп, Тян-Шань тауларында жоғалып кеткен қазақстандық альпинистерді іздеу жұмыстарының нәтижесі жарияландыдеп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Іздеу жұмыстары аяқталып, альпинистерді іздеуге қатысқандар қайтып оралды.

"Жексенбі, 18 тамыз күні жиналуға команда түсті, орталық армия спорт клубын қабылдадық, таңғы төртте Боралдай әуежайына келдік, бір жарым сағаттық ұшудан соң, оқиға орнына келдік. Қайғылы оқиға болған жерде тікұшақпен тау байрайына максималды қашықтық 70 метрге жақындап ұштық. Не тірі адамды, не өлген адамды таппадық. Келесі күні де рейс жасалды, сканерлеу нәтиже бермеді", - деді Василий Пивцов.

Сондай-ақ, ол қолайсыз ауа райы әрі қарай іздеуге мүмкіндік бермейтінін айтты.

Тау жаттығулары бойынша нұсқаушы және альпинист Мақсұт Жұмаев бұйрық түскенін және альпинистерге дабыл қағылғанын айтты.

"Василиц Пивцов жеті мың метр биіктікке бейімделген. Біз әскери ойындар мен Эльбрустың биік шыңынан келген бетіміз болатын. Іздеу операциясына жақсы бейімделдік", - деді Жұмаев.

Радиобайланыс, ұшуды ұйымдастыру және тағы басқа ұйымдастыру шараларымен Қазбек Валиев айналысқан.

"16 тамызда сағат үште қайғылы оқиға жайлы алғашқы дабылды қабылдап, базалық лагерьмен байланыс жасадым, экипажды барынша нәтижелі басқару керек болды. Сегіз мыңдыққа өрлеу өте қиын, бірақ топ дайын болды, өйткені Саша мен Мұрат жетімыңдықты 18 рет бағындырған. Олар тәжірибелі әрі мықты спортшылар болғандықтан, осындай мақсат қоюы мүмкін. Биыл Тян-Шаньдағы қардың жаууына байланысты қиын болды. Қолайсыз ауа райы 13 тамызда кешкісін басталды. 17 -нен бастап барлық күндері ауыр қар көшкіні жүрді.
"Ең жоғарғы нүктедегі топ ойға сыймайтын ең келеңсіз жағдайға тап болды. 16-нан бастап жігіттермен байланыс болмады", - деді ҚР альпинизм федерациясының бас хатшысы Қазбек Валиев.

"Біз қандай үлкен жұмыс жасалғанын көріп, сезіндік. Жеке өз атымнан, отбасымыздың атынан екі елдегі мемлекеттік органдарға, ҚР Қырғызстандағы елшілігіне, Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне, ұшқыштарға, альпинистерге үлкен алғысымды білдіргім келеді.

Жігіттер неше күн, неше түн, бірге, қолдан келгеннің бәрін жасады. Біз жігіттердің оралуынан үмітімізді үзбейміз және жақсы нәтижеге сенеміз. Барлықтарыңызға рахмет, бұлар елдің лайықты азаматтары, жақын достары, нағыз адамдар", - деді Мұрат Өтепбаевтың әйелі Шахаризада Шахбутова.

"1993 жылы Хан Тәңірі аумағында қар көшкіні болды және біздің төрт жігітті, оның ішінде Валерий Хрищатый да бар еді. Олардың іздері әлі күнге дейін табылмады. Тау мүмкіндік бермейді. Біз жігіттер қар көшкінімен түсіп кетуі мүмкін деген барлық қуыстарды қарадық. Бізде бір нәрсені көргенде лақтырып жіберетін жүк болды, қанша тырысқанымызбен ештеңе көрмедік. Ол гуманитарлық көмек болды. Бәріміз үміттенеміз. Алайда фактілер, мұның мүмкін еместігін айтады", - деді Қазбек Валиев.

Туыстарының келісімі бойынша, альпинистерді іздеу жұмыстары бүгін аяқталды.

ТЖК мен Қорғаныс министрлігінің екі тікұшағы, сондай-ақ қырғызстандық тікұшақ іздеу жұмыстарына қосылған еді.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel