RU
"Тальгодағы" зорлау оқиғасы: Сот алқасы химиялық кастрация енгізуді ұсынды

"Тальгодағы" зорлау оқиғасы: Сот алқасы химиялық кастрация енгізуді ұсынды

Рассказать Вконтакте

Қостанай облыстық сотының қылмыстық істер бойынша сот алқасы Бас прокуратураға зорлау үшін тағайындалатын жазаны қатайту үшін Қылмыстық кодекске өзгерістер енгізу туралы ұсыныс жасады деп хабарлайды Bnews.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: kstnews.kz

Фото: kstnews.kz

Шешімде қылмыстың бұл түрі үшін «жеңіл» жазалар көпшіліктің көңілін қалдырады және бұқаралық ақпарат құралдарында сынға түседі деп көрсетілген.

"Азаматтар сот шешімдеріне наразы, ал сот төрағасы заң нормаларына байланысты қылмыскерді қатаң жазалай алмайды", - делінген құжатта.

Сондай-ақ, мәтінде сот төрағасы заңға қарсы келе алмайды, мұндай сот актісі жоғары сотта бәрібір жойылатыны жазылған.

Сот алқасы Бас прокуратураның жанындағы ведомствоаралық жұмыс тобына аталған қылмыстарды аса ауыр санатқа ауыстыру мақсатында заңға қажетті өзгертулер енгізуді ұсынды.

Атап айтқанда, келесі түзетулер көрсетілген:

1) 120, 121, 122 баптардың 1-бөлімі бойынша бас бостандығынан айыру жазасын 5 жылдан 7 жылға дейін күшейту;

2) 55-баптағы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған жағдайда соттан "жаза мерзімін азайту" міндетін алып тастау;

3) 91 және 93 баптарға өзгеріс енгізіп, жыныстық жолмен қылмыс жасағандарға химиялық кастрацияны міндетті түрде тағайындау;

4) Зардап шегушінің қызметтік тәуелділігін қосып - қосымша біліктілік белгісін қоса отырып ҚР ҚК 123-бап 2-бөлігін қатаңдату;

Құжатта егер мұндай қылмыстар ортадан ауыр санатқа өтсе, қылмыс жасаған адамдар кейбір қылмыстық заңда көзделген жеңілдіктерден айрылатыны айтылған.

"ҚК ұсынылған өзгертулер қоғам мен мемлекет үшін маңызды. Олар азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін толығымен қорғайды", - делінген шешімде.

Таяуда ғана бұл іске қатысты екі айыпталушыға сот үкімі шығып, олардың әрқайсысы 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Кейін бұл іске бас көлік прокуратурасы назар аударып, сотқа қайта апелляциялық өтініш хат жолданды.

Сіздің реакцияңыз
7
1
0
1
1
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel