RU
Сара Амангелдінің анасы қызының әкесіне қалай "ұсталып қалғанын" баяндады

Сара Амангелдінің анасы қызының әкесіне қалай "ұсталып қалғанын" баяндады

Рассказать Вконтакте

Гүлнұр Мамасарипова қызы Сара Амангелді мен күйеуінің арасында болған қызықты естеліктерді айтып берді. Продюсер Instagram парақшасында қызының әкесін бірнеше рет сөзбен сазға отырғызғанын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Сараның енді қыз болып, бойжете бастаған 16-17 жастағы шамасы. Бірде әкесі жұмыстан келе жатса, есіктің алдында машинамен бір жігіт тұр екен.

Сара үйден атып шығып, тура әкесіне ұсталған ғой. Басқа қыз болса қайтып кіріп кетер ме еді. Ол әлгі баламен амандасып, сөйлесіп тұра беріпті.

Әкесі кәдімгідей ашуланып, есіктің алдында күтіп тұрған. Сосын үйге кіргесін "Қызым, "үйдің алдына жігіт кеп тұр" деген не масқара? Ұялмайсың ба?" дейді ғой.

Сонда Сара "Ойбай, әке! Қызыңыздың есігін күзетіп жүретін жігіттердің барына қуанбайсыз ба?! Мүлде ешкім қарамаса, қорқыңыз қайта" деп айтыпты.

Әкесі не күлерін, не жыларын білмей қалған. Кейіннен өзі отырып "Рас-ей, мынаның сөзінің жаны бар" деп күбірлейді", - деп жазды продюсер.

Сондай-ақ, Мамасарипова фильмге түскен қызы мен әкесінің арасындағы әңгімеден үзінді келтірген.

"Өткенде әкесіне "Әке, киноның премьерасына барғанда көзіңізді жұматын жерлерінде өзім белгі беремін, қарамаңыз. Алдын-ала кешірім сұраймын" деп қарап отыр.
Мен отырмын қуыстанып. Әкесі "Қызым, менің жоғары білімім бар ғой. Мүлде түсінігі жоқ адам емеспін. Бастысы мен сені жақсы білемін ғой" деді әйтеуір", - деп ағынан жарылды Гүлнұр Мамасарипова.

Естеріңізге сала кетейік, Сара Амангелді биылғы жылдың қаңтарында ота жасатқан болатын.

Сіздің реакцияңыз
10
0
2
2
1
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel