Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сапарбаев жаңа қызметі туралы: Осындай ашық қалпымда қаламын

Опубликовано:

Үкіметтегі баспасөз-конференциясынан соң Бердібек Сапарбаев журналистермен тілдесті. Ол жаңа премьер-министрдің орынбасары қызметінде өзінің жұмыс стилін өзгертпейтінін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: pm.kz
Фото: pm.kz: Facebook

БАҚ өкілдері Сапарбаевтың Нұрсұлтан Назарбаевтың мақтауына реакциясы қандай болғанын сұрады. Елбасы оның халықпен байланысқа түсе алатынын атап өткен еді.

"Әрине, кез келген адам үшін бұл жағымды, бұл мені әрі қарай жақсы жұмыс істеуге ынталандырады", - деп жауап берді Сапарбаев.

Ол жаңа қызметінде де БАҚ үшін ашық болатынын айтты.

"Мен жаңа қызметте жұмыс жасағаныма үш күн болды, міне бүгін сіздермен кездесіп отырмын - бұл ашықтығымның бірінші дәлелі. Мен бұрыннан осындай болдым, осындай - ашық қалпымда қаламын. БАҚ өкілдерімен әрдайым кездесетін боламын", - деді Сапарбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1812689-saparbaev-zaa-kyzmeti-turaly-osyndaj-asyk-kalpymda-kalamyn/

pixel