Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда бұрынғы мемқызметкер бастық болудан бас тартып, ауылға қайтып кеткен

Опубликовано:

Нұр-Сұлтандағы министрліктердің бірінде үш жылдан астам уақыт бойы еңбек еткен Ануар есімді азамат мемлекеттік қызметке көңілі толмай, ауылға қайтып кеткен. "Үкіметтің жұмысынан" әбден көңілі қалған ол мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы төмен екендігіне күйінді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Ануар төрт жылға жуық уақыт елордадағы министрліктердің бірінде еңбек еткен.

Жоғары білім алған ол "мемлекеттік қызметте жұмыс істегеніме өкінбеймін" дейді. Алайда жалақының төмендігінен ауылға қайтуына тура келіпті.

"Шығыс Қазақстан облысының тумасымын. Мемлекеттік қызметке аға-көкесіз, таныс-тамырсыз өз күшіммен тұрдым. Тәп-тәуір тәжірибе де жинадым. Министрлікте жұмыс істегеніме өкінбеймін.

Алайда өздеріңіз білесіздер, мемқызметкерлердің жалақысы төмен, шыны керек, астанада ондай ақшаға жан баға алмайсың.

Алғашқы жылы мен жай маман болдым, кейін бас маман сатысына көтерілдім. Ал өткенде маған басқарма басшысы қызметін ұсынды. Алайда одан бас тарттым.

Себебі бүгінге дейін 135 мың теңге жалақы алсам, үстінен бар-жоғы 15 мың теңге жалақы қосылатын еді.

Сол 15 мың үшін таңнан кешке дейін жұмыста қалып, басшылықтан сөз естігім келмеді. Себебі жауапкершілік артады, ал жалақы сол қалпы қалады.

Министрлікте жұмыс істейді деген аты болмаса, үй кезегіне тұрып, жарытып баспана да ала алмайсың.

Себебі кезек жылжымайды, адамдар жылдап мемлекеттік қызметкерлерге арналған жатақханада тұрады. Былайша айтқанда "үкіметтің" жұмысынан әбден көңілім қалды", - дейді Ануар.

Сондай-ақ, ол көптеген мемлекеттік қызметкерлер әлі күнге дейін жалақыларының көбеюін күтіп жүргендерін мәлім етті.

"Бонустық жүйе енгізеледі деген. Оған сәйкес, мемқызметкерлердің жалақысы екі есе артатын еді. Бірақ тиісінше мереке кезінде алатын премиядан қағылатын едік. Қазір білуімше бірнеше ведомствоға аталмыш жүйе пилотты режимде енгізілді.

Алайда басқа министрліктерде қозғалыс жоқ. Сөйтіп басшылық қызметке бармай, ауылыма қайтып барамын.

Шағын несие алып, өз бизнесімді ашпақпын. Бірақ елордаға қайтып ораламын деген ниеттемін. Бар тапқанымды пәтерге бергенше, туған өлкеге барып, қаражат жинаймын деп шештім. Қалғаны уақыттың еншісінде", - дейді бұрынғы мемлекеттік қызметкер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1812703-nr-sltanda-bryngy-memkyzmetker-bastyk-boludan-bas-tartyp-auylga-kajtyp-ketken/

pixel