RU
Алматы полициясы 34 қалта ұрысының фотосын жариялады

Алматы полициясы 34 қалта ұрысының фотосын жариялады

Рассказать Вконтакте

Алматы полициясы қаладағы қалта ұрыларының фотоларын жариялады деп жазады Полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Алматы қаласы ПД

Фото: Алматы қаласы ПД

"Бүгін қоғам назарына жеке мүлік ұрлығына, нақтырақ өзгенің мұлкін ұрлауға қатысы бар 34 күдіктінің фотосы ұсынылды.

Күдіктілер қоғамдық көлікте итеріп жіберу, құлаққап әдістері сияқты классикалық әдістерді пайдаланған.

Қалта ұрылары өз құрбандарына абайсызда соқтыққан сыңай танытып алдарқатса, екіншісі зардап шегішілердің сөмкесінен әмиянын алған, сөйтіп, ұрылар өз құрбандарымен сыпайы түрде қоштасқан", - деді Алматы қаласы ПД Криминалды полиция басқармасының подполковнигі Есен Ысқақов

Маманның сөзінше, зардап шеккендердің кейбірі құлаққаппен әуенді қатты тыңдап, қалта ұрыларын өздері арандатқан.

Фото: Алматы қаласы ПД

Фото: Алматы қаласы ПД

Егер сіз осы адамдардың қылмыстық әрекетінен зардап шеккен болсаңыз, онда Алматы қаласы ПД криминалды полиция басқармасына 254-40-12, 254-43-93 немесе 102 нөмірі арқылы жүгінуіңізге болады.

Сіздің реакцияңыз
1
2
2
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel