RU
Шымкентте судьялар үйінен өрт шыққан сот қызметкеріне ақша жинап берді

Шымкентте судьялар үйінен өрт шыққан сот қызметкеріне ақша жинап берді

Рассказать Вконтакте

Шымкент қаласының судьялары үйі өртеніп кеткен сот қызметкеріне көмектесіп, бір миллионнан астам теңге жинап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Маусым айында әл-Фараби аудандық сотының бас маманы, сот мәжілісінің хатшысының үйінен өрт шығып, шатыры мен тұрмыстық заттары түгел жанып кеткен.

Анасы мен әпке, қарындасы, жұбайы мен үш баласымен сот қызметкері-барлығы сегіз жан далада қалған болатын.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

"Осы жағдайға байланысты Шымкент қаласы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы мен қалалық соттың төрағасы өзара ақылдасып, жергілікті соттардың судьялары мен мамандарын жұмылдырып, ұйымшылдықпен әріптеске бір миллион теңгеден астам қаржы жинап, көмектескен болатын. Бұл қаржыға ол өртенген үйін жөндеуден өткізіп, қазір отбасымен осы үйде тұрып жатыр,"-дейді Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметінің жетекшісі Қабыл Дүйсенби.

Шымкенттегі Көксай-2 (Зеленая Балка-2) елдімекенінде тұратын сот қызметкері өртенген үйін әріптестерінің көмегімен қалпына келтіріп алғанына ризашылығын білдірді.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
9
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel