RU
Атырауда өртенген театрды демеушілер қалпына келтіретін болды
Жаңалықтар Қоғам

Атырауда өртенген театрды демеушілер қалпына келтіретін болды

Рассказать Вконтакте

Атырауда өртенген М.Өтемісов атындағы академиялық қазақ драма театры жеке инвестициялар есебінен қалпына келтіріледі. Бұл туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов мәлім етті деп хабарлады ҚазАқпарат.

Фото: Видеодан кадр/ Instagram

Фото: Видеодан кадр/ Instagram

"Алдын ала мәлімет бойынша, сахнаны, зал мен театрдың жабдығын от шалмаған, өрттен ғимараттың шатыры мен трансформаторға зиян келген. Қазір оқиға орнында жұмыс істеп жатқан комиссия өрттен болған залалдың нақты көлемін анықтайды. Театралдық маусымда облыстың тұрғындары театрға келуге мүмкіндік алуы үшін мұны неғұрлым тез істеуге тырысамыз.
Бұл қала тұрғындары үшін ауыр соққы болды. Сонымен қатар, адамдар бейжай қалмай, қолдан келер көмектерін көрсетуге тілек білдіргені қуантады. Көптеген бизнесмендер осы проблемадан тыс қалмай, театрды қалпына келтіруге көмектесуге ынталы екендерін білдірді", - Серік Шапкенов.

С.Шапкеновтің айтуынша, өрт болған сәттен бастап, көптеген бизнес өкілдері өрттен зардап шеккен театрды қалпына келтіруге көмектесу жөнінде бастама көтерді.

Бұл аталмыш нысанды толықтай жеке инвестициялар есебінен қалпына келтіруге мүмкіндік бермек.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel