Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арыстағы жарылыс: Әскери бөлімнің командирі мен оның орынбасары ұсталды

Опубликовано:

Арыста болған жарылыстан соң әскери бөлімнің командирі мен оның орынбасары ұсталды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Ашық дереккөз
Фото: Ашық дереккөз: Instagram

Ведомство хабарламасында ұстау туралы шешімді ІІМ Тергеу департаментінің әскери-тергеу басқармасы қабылдағаны айтылған.

Бүгін, 23 тамызда әскери бөлім командирі мен оның орынбасары – Артиллериялық оқ-дәрілерді сақтау базасының бастығы ұсталды.

Ұсталған күдіктілер жарылғыш заттармен жұмыс істеу ережелерін бұзғаны үшін және ауыр зардаптарға әкеп соққан салғырттығы үшін күдіктелуде. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Сонымен қатар, Түркістан облысы, Арыс аудандық соты күдіктілер үшін 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады.

Тергеу жалғасуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1812725-arystagy-zarylys-skeri-blimni-komandiri-men-ony-orynbasary-staldy/

pixel