RU
Қызылордада жоғалып кеткен үш жасар сәби табылды
Жаңалықтар Қоғам

Қызылордада жоғалып кеткен үш жасар сәби табылды

Рассказать Вконтакте

Қызылордада көшеде жоғалып кеткен үш жасар сәби аман-есен табылды деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Қызылорда қалалық полиция басқармасы кезекші бөліміне Ғани Мұратбаев көшес бойындағы дүкен жанынан үш жастағы сәбидің табылғаны жөнінде хабар келіп түсті.

Ювеналды полиция аға учаскелік инспекторы Самат  Исаевтың айтуынша, жақын маңдағы көп қабатты және жеке тұрғын үйлердің тұрғындарынан сұрастыру жұмыстарын жүргізілді.

Нәтижесінде сәбидің көп қабатты үйдің біріндегі пәтерде тұратыны анықталды.

"Сәби әжесімен бірге дүкенге шыққан екен. Сол сәтте әжесі одан көз жазып қалған. Ес білмейтін жастағы сәби келесі көше бойынан табылған. Ата-анасымен профилактикалық әңгіме өткізілді", - деді Самат Исаев.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
1
15
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel