RU
Тоқаев: Қазақстандағы шетелдік туристер саны 9 млн-ға дейін өсуі тиіс
Жаңалықтар Қоғам

Тоқаев: Қазақстандағы шетелдік туристер саны 9 млн-ға дейін өсуі тиіс

Рассказать Вконтакте

Қасым-Жомарт Тоқаев "Ұлытау – 2019" халықаралық туристік форумының жұмысына қатысып жатыр деп хабарлайды Ақорданың Twitter-парақшасына сілтеме жасған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Президент Қазақстан таяу болашақта шетелдік және отандық туристер үшін тартымды орын, сондай-ақ әлемдік этнотуризм орталықтарының бірі болуы мүмкін деген пікір білдірді.

Біз салалық мемлекеттік бағдарламаны қабылдадық. Оны толық жүзеге асыру туризм үлесін ЖІӨ-дегі 8% - ға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Келушілердің саны 9 млн – ға дейін, ал ішкі туристердің саны 8 млн-ға дейін өсуі тиіс. Бұл салада жұмыспен қамтылғандардың санын 650 мың адамға жеткізу керек", - деді мемлекет басшысы.

Тоқаев Қазақстанның туристік әлеуетінің ақпараттық қолжетімділігін креативті және инновациялық шешімдердің көмегімен қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

"Туристерді Қазақстан, ең алдымен, Ұлытау және басқа да тарихи орындар туралы барлық қажетті ақпаратпен қамтамасыз ететін интеграцияланған қосымша немесе платформа әзірлеу қажет", - деп есептейді президент.

Мемлекет басшысы туризм индустриясынан Елеулі мультипликативтік әсерді ескере отырып, билік орындары Қазақстанның барлық рекреациялық аймақтарында, соның ішінде "Атамекен" ҰКП мүмкіндігі арқылы қонақ үйлер, тамақтану, демалыс орындарын салу үшін кәсіпкерлерді барынша тарту керектігін атап өтті.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel