RU
Қызылорда қаласының әкімі тамыз мәслихаты конференциясының жұмысын қорытындылады

Қызылорда қаласының әкімі тамыз мәслихаты конференциясының жұмысын қорытындылады

Рассказать Вконтакте

Қызылорда қаласында ұйымдастырылған білім саласының басты зияткерлік жиыны - тамыз конференциясы өңір ұстаздары үшін тосын сыйға толы болды.

Қызылорда қаласының әкімі тамыз мәслихаты конференциясының жұмысын қорытындылады

Қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев ұстаздар қауымын алдағы білім күнімен құттықтап, саланың жетістіктері мен міндеттеріне тоқталып, алда нақты орындалуы тиіс басым-бағыттарды айқындап берді.

Зияткерлік басқосудың басты ерекшелігі, жыл көлемінде еңбегімен ерекшеленген бірқатар ұлағатты мамандық иелері жоғары марапатқа ие болып, ҚР Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың алғыс хатымен марапатталды.

Сонымен бірге, білім саласының ардагері, қаладағы бірнеше білім ошақтарын абыроймен басқарып, саланы биік деңгейге көтерген ұлағатты ұстаз, белгілі педагог Иса Амангелді Жолмырзаұлына "Қызылорда қаласының Құрметті Азаматы" атағы беріліп, төсбелгі табысталды.

Ұстаздар қауымының мерейін асырған тағы бір тарту, шаһар басшысы Нұрлыбек Нәлібаев "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында 2 ұстазға 3 бөлмелі пәтер кілтін және 10 мұғалімге 150 мың теңгеден сыйақы табыстаса, бірқатар мұғалімдерді алғыс хаттармен марапаттады.

Қызылорда қаласының әкімі тамыз мәслихаты конференциясының жұмысын қорытындылады

Жаңа оқу жылын тың серпіліспен бастауға бағыт беретін дәстүрлі тамыз кеңесіне білім саласының дамуына зор үлес қосып жүрген мәртебелі қонақтар да қатысты.

Атап айтқанда, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Мұрат Бахтиярұлы және Еламанов Бекмырза Қайыпұлы, Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі, қосымша білім беру департаментінің директоры Жонтаева Жаңыл Алпамысқызы, "Ақпараттық талдау орталығы" АҚ президентінің орынбасары, білімді басқару магистрі Аманғазы Мағжан Заңғарұлы қатысты.

Кеңесте сөз алған саяси ғылымдарының докторы, профессор, Сенат депутаты Мұрат Бахтиярұлы және Назарбаев Университетінің департамент директоры Жаңыл Алпамысқызы өңірдегі білім саласын дамыту мен жаңа технологияларды тиімді пайдалана отырып білім сапасын арттыру жөнінде өз ұсыныстарымен бөлісті.

Қазіргі таңда мемлекет тарапынан білім саласына үлкен қамқорлық көрсетіліп келеді. Оның ішінде Қызылорда қаласында да көптеген оңды істер атқарылуда.

Жыл сайын жаңа білім ошақтары мен балабақшалар пайдалануға беріліп, материалдық техникалық базалары жаңартылуда.

Қалада білім саласын қамтамасыз етуге 2018 жылы – 21 млрд-тан аса қаржы қаралса, биылғы жылы бұл сома 25 млрд теңгені құрады. Яғни, қала бюджетінің 40 пайызға жуығы білім саласына бағытталуда.

Бүгінгі күні жаңартылған білім мазмұны бойынша сабақ беретін 97 пайыз педагогтың жалақысы 30 пайызға артты.

Қала көлемінде оқушылар саны өткен жылмен салыстырғанда 5 мың 216 оқушыға артқан.

Бұл қала халқының саны артқандығы және өңірдегі демографиялық дамудың нақты көрсеткіші.

2018-2019 оқу жылының қорытындысымен 1 мың 724 мектеп бітіруші түлектің ішінен 121 түлек «Алтын белгі», 101 түлек «Үздік аттестат» иегері атанды.

Жасалған қолдаулар мен ұстаздардың тынымсыз еңбектерінің нәтижесінде Қызылорда қаласы түлектерінің жетістіктерін де мақтанышпен айтуға тұрарлық.

Қала мектептері Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу мен орташа балл жинаудан жоғары нәтиже көрсетіп, соңғы екі жылда облыс бойынша қатарынан бірінші орынды иеленді.

Қала әкімі Н.Нәлібаев жас ұрпаққа сапалы білім мен өнегелі тәрбие беріп, осы жолға бар ғұмырын арнаған ұлағатты ұстаздарға жемісті қызмет пен шығармашылық табыс тілеп, білім саласы қай кезде де басты назарда екендігін жеткізді.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
2
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel