RU
Қазақстандық мұнайшылар күресіп, өзара "барыс" атағына таласты (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстандық мұнайшылар күресіп, өзара "барыс" атағына таласты (фото)

Рассказать Вконтакте

«Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ немесе компания - ред) биыл алғаш рет 120 жылдық мерейтойға орай «Мұнайшы барысы» атты қазақша күрестен жарыс өткізіп, ең мықты мұнайшыларын анықтады. Аталмыш жарысқа компанияға қарасты алты өндірістік құрылымдық бөлімшенің (ӨҚБ) 90 келіден жоғары абсалют салмақтағы 22 палуаны қатысты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

күрес
"Биыл Қазақстан мұнайына 120 жыл толып отыр. 1899 жылы ЕМГ келісімшарт аумағындағы «Қарашүңгіл» құрылымынан алғаш мұнай бұрқағы атқылады.

Осы шараға орай ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап Компания мерекелік шаралар легін бастады. Солардың бірі - ембілік мұнайшылар арасында өткен қазақша күрес жарысы.

Шарада Компанияның өндірістік құрылымдық бөлімшелерінен келген 22 қызметкер боз кілемде бақ сынасты.

Біз бұл турнирді Ембі өндірісін игеруге алғашқылардың бірі болып ат салысқан, жасампаз еңбектерімен қиындықтарды жеңе білген ардагерлеріміздің құрметіне арнаймыз, - деп атап өтті өз сөзінде ЕМГ Басқарма төрағасы Әнуар Жақсыбеков
аааааа

Спорт шарасында 90 келіден жоғары салмақтағы 22 спортшы ақтық мәреде «Мұнайшы барысы» белдігіне таласты.

Мұнайшылар арасында "барыс" атанған палуан 2019 жылдың алғашқы қазақша күрес былғары белдігін алуымен қатар 250 000 теңгенің сертификатына ие болды.

күрес
2 орынды иеленген сайыскер 150 000 мың теңгені иеленсе, екі бірдей палуан 3-ші орынды қанжығаларына байлап, әр қайсысы 100 000 мың теңгелік сертификатпен марапатталды.
күрес

Айта кетерлігі, Қазақстан мұнайының 120 жылдығының аясында ЕМГ-де бірнеше мерекелік шаралар өз нәтижесін тапты. ӨҚБ арасында спартакиада, Атырау қаласы «Сарықамыс» мөлтек ауданындағы мектеп оқушылары арасында мұнай мен газ тарихына арналған ашық сабақ, «Менің бақытты балалық шағым» атты компания қызметкерлерінің балалары арасындағы шығармашылық сайыс, «ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ-на (КМГ ҰК) қарасты еншілес мекемелері арасындағы спартакиада, КМГ ҰК АҚ бойынша «Үздік маман» сайысының 2-кезеңі, «Каспий самалы» мұнайшылар қалашығында («Жылыоймұнайгаз» МГӨБ Прорва кен алаңы) Компанияға қарасты барлық басқармалар жастары арасындағы «Брейнг-ринг» интеллектуалды ойыны өтті.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel