RU
Қазақстанда жаңа университет ашылады

Қазақстанда жаңа университет ашылады

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Ұлытау - 2019" халықаралық туристік форумында сөйлеген сөзі барысында Қазақстанда жаңа университет ашуға ниетті екенін айтты деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Мемлекет басшысы ежелгі өркениеттер мен ірі көлік артерияларының қиылысында орналасқан Қазақстан ғасырлар бойы Еуразия құрлығының маңызды мәдени-тарихи және рухани орталықтарының бірі болып қалатынын атап өтті.

"Еліміздің киелі жерлерінің арасында Ұлытау жері ерекше орын алады. Бұл қазақ халқының қасиетті бесігі, ұлт бірлігінің және Тәуелсіздік үшін күрестің символы.
Бүгінде маңызды міндеттердің бірі осы тарихи орынның туристік әлеуетін дамыту болып табылады", - деді Тоқаев.

Ол көптеген шетелдік туристерді бес жұлдызды қонақүйлер, курорттар сияқты әмбебап дүниелер жалықтырғанын айтты.

"Оларды әр түрлі халықтардың мәдениетін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін зерттеу, барған елдің тарихымен танысу қызықтырады. Сондықтан, әлемде өзіндік ерекшелігі бар жерлерге баруға, тарихи фестивальдарға және көне әрі қайта қалпына келтірілген маңызды оқиғаларға қатысуға деген сұраныс артып отыр. Біз осындай үрдістерді пайдалануымыз қажет. Қазақстанның әлемге ұсынатын бірегей орындары бар", – деп түсіндірді президент.

Мемлекет басшысы Қазақстанның туристік әлеуеті мен оны дамытудың міндеттері туралы айта келіп, кәсіби кадрларды даярлаудың маңыздылығына тоқталды.

"Туризм – өте күрделі сала. Тиісті мамандарды дайындауымыз керек. Сондықтан Туризм университетін ашу жөнінде шешім қабылдадық. Дәл осы салада жұмыс істей алатын білікті кадрларды дайындауымыз қажет", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сіздің реакцияңыз
2
3
0
1
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel