Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жексенбідегі ауа райы: Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Опубликовано:

Бүгін, 25 тамыз күні, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің кей өңірлерінде жаңбыр жауып, күн күркірейді, аптап ыстықтың беті қайтады деп хабарлады Қазгидромет.

Жексенбідегі ауа райы: Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Солтүстік және солтүстік-батыста да жаңбыр жауып, күн күркірейді және дауыл тұруы ықтимал. Қазақстанның оңтүстік-шығысында өткінші жауын жауып, күн күркірейді.

Республиканың қалған бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болмақ, орталық пен шығыста ауа температурасы жоғарылайды.

Өңірлердегі ауа райы

Күндіз Атырау облысының кей бөлігінде күн күркіреп, дауыл соғады, желдің екпіні 15-20 м/с. Қызылорда облысында желдің екпіні 15-20 м/с болып, шаңды дауыл соғады.

Қостанай облысында күн күркіреп, тұман түседі. Павлодар облысында, күндіз Батыс Қазақстан облысында да күн күркірейді.

Қарағанды облысында, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерде тұман түседі.

Күндіз Атырау, Ақтөбе облыстарында, Маңғыстау облысының кей аумақтарында және Батыс Қазақстан облысында аптап ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл облысының басым бөлігінде, Қарағанды облысының кей жерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Атырау облысының жекелеген аудандарында  төтенше өрт қаупі бар.

Ірі қалалардағы ауа райы

Шымкентте ауа райы жауын-шашынсыз. Күндіз 34-36 градус аптап ыстық, түнде сынап бағанасы 17-19 градусты көрсетеді.

Алматыда жексенбіде күн ашық болады. Күндіз 28-30 градус ыстық болса, түнде – плюс 14-16 градус.

Нұр-Сұлтанда да күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 27-29 градусқа дейін көтеріліп, түнде 13-15 градус жылы болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1812798-zeksenbidegi-aua-rajy-elimizdi-basym-bliginde-zabyr-zauady/

pixel