RU

Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов ресейлік қарсыласын жеңіп кетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов Челябинск қаласында өткен бокс кешінде ресейлік қарсыласын жеңіп шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұрсұлтанов жергілікті боксшы Артур Осиповтан басым түсті.

Рrosports.kz жазуынша, жекпе-жек жоспарланған уақыттың аяғына дейін созылған.

Төрешілер бір ауыздан қазақстандық боксшы жеңді деп шешім шығарған.

Айта кетерлігі, бұл жеңіс - Мейірім Нұрсұлтановтың кәсіби бокстағы 12-ші жеңісі.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов ресейлік қарсыласын жеңіп кетті
Mailfire view pixel