Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық танымал әнші Бауыржан Ретбаев шаңырақ көтерді (видео)

Опубликовано:

"Қазақстан дауысы" жобасы арқылы елімізге танылған жас әнші Бауыржан Ретбаев бойдақтық өмірмен қош айтысты. Қазақы дәстүрге сай үйіне келін түсірген ақтаулық өнер иесі өзі қуанышымен желіде бөлісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қарлығаш есімді аруды өмірлік жары етіп таңдаған әнші сүйіктісін көпшілікке көрсетті.

Шаңырағында аста-төк беташар тойы өткен Ретбаев өз парақшасында жас келіннің сәлем салу сәтінен үзінді жариялады.

Бауыржанның барша жанкүйерлері мен қолдаушылары оған ақжарма тілегін арнап, бір ауыздан бақыт тіледі.

Сондай-ақ, желі қолданушылары нағыз қазақша үрдіспен келіннің бетін ашқан әулетке қызығып, жақсы пікірлерін жаудырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1812804-otandyk-tanymal-nsi-bauyrzan-retbaev-sayrak-kterdi-video/

pixel